Қоғам
АЛАҢДА – «АУҒАНДЫҚ» АРДАГЕРЛЕР
Міне, осынау тарихи күннің құрметіне орай Атырауда мәдени-көпшілік және тәлім-тәрбиелік шаралар легі бастау алған-ды. Соның бірі ретінде, қалалық әкімдік пен Ауған соғысы ардагерлер кеңесі филиалының ұйымдастыруымен«Атырау» спорт кешенінде Ауған соғысының ардагерлері арасында кіші аяқдоптан қалалық ашық турнир басталды. Оны қала әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова ашты.
Жарыста «Санжар», «Аламан», «Ардагерлер», «Каспий», «Махамбет», Ақтөбеден «Хромтау», «Болат», «Ауғандық ардагерлер» футбол командалары әдемі ойын өрнегін көрсетті. Айта кету керек, турнир Құрманғазы мәдениет сарайында қорытындыланып, жеңімпаз командаға шаһар басшысының кубогі табыс етілді.