Жарнама
Қоғам

АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС

 

«Құрметтесең кәріңді, жарылқармын бәріңді» дегендей енелерінен алғыс алған Айнаш апаны тәңіріміз де жарылқады, алтын асықтай екі қызды өмірге әкеліп, оқытып, тәрбиеледі. Үлкені – Айжан тұрмыста, информатика пәнінің мұғалімі, кіші қызы – Айдана мектепті үздік бітіріп, Қазақ ұлттық мемлекеттік Әл-Фараби атындағы университетінің ІІ-ші курсында грантпен оқып жатыр.

Жолдасы Марат аудандық газ мекемесінде қызмет етеді. Айнаш апаны Нұржау халқы түгел сыйлап, қадірлейді. Себебі, әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақыны поштадан алады, төлемдерді осы пошта арқылы төлейді. Қарбалас шақта Айнаш апа қабағын шытпай, тұтынушымен сыйластықта жұмыстанады. «Құдайға шүкір, жұмыс жасауға төселдік қой, биыл төрт жыл толады, бұл жұмысқа 2011 жылы келіп едім» — деп жымиып қояды әңгімелескенде.

«Әуелде қос енеден, қазір Нұржау халқынан алғыс алған Айнашқа біз де ризамыз. Қашан келсек те, жұмысымызды барынша тындырып жібереді» дейді ата-әжелер. Аудан әкімі Амангелді Барақатовтың қабылдауында болып Алғыс хатпен де марапатталыпты.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button