Жарнама
Қоғам

АҚЫЛДЫ ШЕШІМ – БОЛАШАҚҚА КЕПІЛ

Елбасының қолдауымен 9 ақпанда қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң нормалары жастарға өз мүмкіндіктері мен мақсаттарын жүзеге асыруға негіз болмақ. Нәтижесінде еліміздің жастары қоғамға қажет екенін үнемі сезініп, өзінің батыл ойы мен армандарын белсенді жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс өрістеп, миллиондаған жастар өмірден өз орнын таба алмай қиналуда. Біз мұны әлемдік коммуникация, әлеуметтік желілер арқылы шетелдегі өз замандастарымыз арқылы біліп отырмыз. Тәуелсіздігін ғасырлар бұрын бастаған, дамыған елдер қатарындағы мемлекеттер де әлеуметтік саладағы шығыстарын азайтуға, соның ішінде жастарға қатысты бағдарламаларын тоқтатуға мәжбүр болып отыр.

Ал, біздің елімізде керісінше жастарға қатысты жаңа заң қабылданып, «Болашақ» «Серпін», «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» сынды жобалар нәтижелі жұмыс жасауда. Жыл сайын оқуын бітірген мыңдаған жас мамандар жалақысы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп отыр.

Мұны әрі қарай жалғастыру, даму мен тұрақтылықты қамтамасыз ету қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті, жалпы қоғам бірлігін қамтамасыз еткенде ғана мүмкін болатынын жақсы түсінеміз.

Жастардың күш-жігері Елбасы айқындап берген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын, ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдыруы тиіс.

Отанымыз – Қазақ елінің алдында үлкен міндеттер тұр. Әлемдегі тұрақсыз ахуалды ескерсек, қойылған мақсаттарды орындауда дереу шешімдер қабылдауымызды талап етеді. Сондықтан, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысты толық қолдаймыз.

Бұл өз кезегінде еліміздің табысты дамуына және Қазақстанның серпінді болашаққа аяқ ба­суына кепіл болатынына сеніміміз мол!

Атырау облысының жастар ұйымдары атынан:

«Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Бопылдықов, «Атырау жас өрендері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Азилов, «Атырау облысы «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы М.Қанатова, «Жастар таңдауы — Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Ғилажев, «Тарлан Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Хажыгереев, «Ақ сұңқар» қоғамдық қорының төрағасы Қ.Құлмашев, «Алтын топшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ибраев, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры» жекеменшік қорының төрағасы Р.Ахашев.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button