Жарнама
Қоғам

Академиялық оркестр – ауылда

 Төрткүл дүниенің жүзге жуық елін аралап, ұлттық өнерімізді ұлықтап, тыңдарманына танымал болған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Махамбет, Исатай, Мақат аудандарында болып, өнер көрсетті.

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құрметіне «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік жобамен қазыналы аймаққа келген сексен жылдан астам тарихи белесті бағындарған атақты оркестрдің өнерін ауылдағы ағайындар шын ықыласпен қарсы алды. Ауыл сахналарының төрінде академиялық оркестрдің орындауындағы Құрманғазы мен Динаның, Дәулеткерей мен Түркештің күйлері төгіліп, Әсет, Шәмші, Нұрғиса әндері асқақтай шырқалды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қошаметін көрген оркестр ұжымына жергілікті атқарушы органдар басшылары сый-сияпаттарын жасады.

Дайындаған: Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button