Жарнама
Қоғам

Абайсызда жағада тұрған катерден құлаған

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы суға батып кеткен жетіс жасар атыраулық бала туралы ақпарат таратты.

Бүгін сағат 14.19-да Атырау қаласы, Жайық өзеніндегі Қызылбалық ауылында ТЖД қызметкерлері 2015 жылы туған баланың денесін тауып, судан шығарды. Ол 14 тамыз күні сағат 21.00-де абайсызда жағада тұрған катерден құлап, батып кеткен.

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті (4 құтқарушы, 1 жүзу құралы), полиция басқармасы (2 қызметкер, 1 техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам, 1 жүзу құралы) жұмылдырылған болатын.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button