Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.
Ескерткіш монеталар ҚР-ның бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. ҚР-ның барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталарды ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалынан сатып алуға болады: Уәлиханов көшесі, 2а. Анықтама үшін телефоны (712) 232-22-09.
Б.КЕНЖЕБЕКОВА, ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімнің жетекші маманы.