Жарнама
Қоғам

«АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА»

Бас жүлдеге Мерей Әбуғалиев ие болды. Ол – Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығының 4-ші курс студенті. Аудандық, облыстық Махамбет оқуларының жүлдегері. Шығармашылықпен айналысады. Өлеңдері аудандық газеттерде жарық көрген.

«Бұған дейін де көркемсөз байқауларында бақ сынап жүрмін. Осылардың ішінде жаныма жақыны – Абай оқулары. Ақын өлеңдерінің образына еніп, оның өміршеңдігін дәлелдегім келеді. Байқауда, ең бастысы, өлеңнің мағынасын көпшілікке ұқтырдым деп ойлаймын», — дейді байқаудың бас жүлдесін иеленген Мерей Әбуғалиев.

Жүлделі бірінші орыннан Бекарыс Закария көрінді. Ол – Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің «электрмен қамсыздандыру» мамандығының 2-ші курс студенті.  Екінші орынға Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының студенті Фариза Әбішева лайық деп танылды.Үшінші орынды С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің студенті Жайнагүл Нұрымова бағындырды. Айта кетейік, Жайнагүл қатысушылардың арасында Абайдың 140 өлеңін жатқа білетіндігімен ерекшеленді.  

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button