АЭС пайдаланудың оң аспектілері көп
Қазақстан уран өндіру бойынша көшбасшы, сондықтан біз атом энергиясының экологиялық таза және қауіпсіз түрін игеруге міндеттіміз. Сонымен қатар, ол электр энергиясының сыртқы елдерге тәуелділігін азайтады.
АЭС-те парниктік газдар шығарындылары жоқ. Атом электр станциялары жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды және басқа да парниктік газдарды шығармайды. Бұл оларды шығарындыларды азайту және декарбонизация мақсаттарына жету үшін күресте маңызды құрал етеді.
АЭС-тің көмір электр станцияларынан айырмашылығы, ол күкірт пен азот оксидтерін, қатты қалдық бөлшектерді, ауаға тарайтын ластаушы заттарды іс жүзінде шығармайды. Атом электр станциялары кейбір әнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр станцияларына қарағанда су қоймаларына зиянды заттарды тастамайды, төкпейді.
Соңғы 10 жылда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2193 бакалавр, 909 магистр және 135 докторлар, атом саласының мамандары дайындалған.
Атом электр станциясы тұрақты және жылдам экологиялық таза электр энергиясын шығарады. АЭС салынуы ядролық энергетиканың дамуына себебін тигізеді, ал Ядролық энергетика өзінің жылдам, тұрақты таза энергия шығаратыны дәлелденген.
Қазақстанда атом отынымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, радиоизотоптарды өндірумен, қолданбалы зерттеулермен айналысатын мекемелер бар, Үлбі металлургиялық зауыты Өскеменде, Алматыда ядролық физика институты, Ақтауда МАЭК, Курчатовта Ұлттық ядролық орталық, Батыс Қазақстанда жылдам нейтрондар реакторы бар.
Қазақстан 1994 жылдан Атом энергиясының халықаралық Агенттігінң тұрақты мүшесі, (МАГАТЭ) олармен бірлесе отырып медицина, ауылшаруашылығы, энергетика және радиациялық қауіпсіздік бағытындағы ғылыми жобаларға қатынасады.
Жаңартылатын энергия көздері, барлық артықшылықтарына қарамастан, жел мен күннің мерзімді болмауына, жұмысының болжамсыздығына байланысты, тұрақты және негізгі генерация көзі ретінде әрекет ете алмайды.
Бүгінгі күні дүние жүзінде 32 елде 192 атом электрстанциялары бар, оларда 438 энергетикалық реакторлар жұмыс жасап тұр. Бұл тізімде АҚШ көш бастап тұр, одан кейін Франция мен Жапония. Атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру бойынша Ресей 8-ші, Украина 10-шы орында. Осылайша, бүгінде әлемдегі атом электр станциялары 391 878 мегаватт-сағат энергия өндіреді.
Бүгінгі таңда Қазақстан барлық маңызды экологиялық көрсеткіштер бойынша табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның нашарлау проблемасымен бетпе-бет келіп отыр, атап айтқанда: 2030 жылға қарай экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру үшін 13-14 млрд м3 су ресурстарының тапшылығы күтілуде. Энергетика министрлігінің есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай 6,2 ГВт электр энергиясы тапшылығы болуы ықтимал. Ауылшаруашылық жерлерінің үштен біріне жуығы қазіргі уақытта деградацияға ұшыраған және 10 миллион гектардан астам әлеуетті егістік алқаптары бос жатыр және жел мен су эрозиясына ұшырап, елеулі қауіп төніп тұр.
Дубайдағы өткен СOP28 климаттық саммитінде әлемнің түкпір-түкпірінен әлемдік көшбасшылар мен экологиялық сарапшылар жиналып, климаттың өзгеруімен күресудің жаңа стратегиялары мен шешімдерін тұжырымдады. 2015 жылы Париж келісіміне қол қойған Қазақстан көміртекті бейтараптылыққа жету жолында.
2050 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға жету үшін көптеген елдер атом электр станцияларын көбірек салуы керек. Болашаққа көз жүгіртсек, атом энергиясы таза электр энергиясын өндірудің жылдам өсуін қолдау үшін ең жақсы дәлелденген әлеуетке ие. СОP-28 климаттық саммитіне 198 мемлекет қатысты.
Махамбет ЖЕКСЕНОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экология және бионанотехнологиялар ғылыми-зерттеу институты, «Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторингі зертханасыны меңгерушісі