8 наурызда қандай сыйлық беруге болады?
Әйел қауымының асыға күтетін 8 наурыз мерекесі де жақындап қалды. Ал сіз жақындарыңызға не сыйлаймын деген оймен бас қатырып жүрсеңіз, мына кеңестерге назар салыңыз.
Көктемнің көркі – гүл. Нәзік жандыларға гүл сыйлау ешқашан сәннен шықпайды. Әйел заты үшін сыйлыққа гүл алу әркез жағымды.
Сонымен қатар, ас-үй жабдықтарын ұнататын аруларға мереке қарсаңында қысқа толқынды пеш немесе әпке-қарындастарыңызға шаңсорғыш, үтік, шаш кептіруге арналған құрал сыйлауға да болады.
Бұл қатарға қыздардың ең басты қаруы — парфюм мен косметиканы жатқыза аламыз. Қандай түрін таңдаймын деп әуреленбей-ақ, бонустық картамен де сыйласаңыз.
Тіпті, қандай сыйлық таңдау керек екенін білмесеңіз, романтикалық кешкі асқа шақырыңыз. Қазіргі таңда бұл кешті ұйымдастыратындары табу қиын емес. Өз қиялыңызға сенімсіз болсаңыз, мейрамхана қызметкерлері мен ұйымдастырушыларының көмегіне жүгініңіз.
Егер досыңыздың қызығушылықтары туралы жақсы білсеңіз, фитнес залына, СПА салонына, йога жаттығуларына, би немесе ағылшын курстарына абонемент сыйлауыңызға болады.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында қаламызда түрлі концерттер мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Концертке, театрға бірге бару мерекені жақсы өткізуге кепілдік болары сөзсіз.
Хорлан Смадияр