40 жыл тергеу изоляторында қызмет еткен

whatsapp image 2021 09 30 at 18.10.21 Қоғам

Халықаралық қарттар күніне орай Атыраудағы тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеде 40 жыл еңбек еткен 81 жастағы Бәтіш Нәсіпқалиеваға құттықтап барды.
Бәтіш Нәсіпқалиева УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде медбике болып 40 жылға жуық жұмыс істеген.

– Әр жұмыстың өз қызығы мен қиындығы болады. Әрине, ол кезде заман басқа. Түрлі қорқынышты жағдайлар да болғанын жасырмаймын. Кез-келген тергеудегі азаматқа қылмысына қарамай медициналық көмек көрсетуіміз керек. Өйткені бұл қызметтік борышымыз. Көзді-ашып жұмғанша 40 жыл өтіп кетті,- дейді Бәтіш Нәсіпқалиева.

Мекеме қызметкерлерін көрген Бәтіш Нәсіпқалиева бір қуанып қалып, батасын берді. Мекеме атынан құттықтау хаты мен гүл табысталды.

– Сіздің қызметіңіз – бізге үлгі. Көптеген жылдар бойы бір мекемеде жұмыс істеп, еңбекқорлығыңызды көрсеттіңіз,- дейді мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы м.а Мәди Өтебаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз