3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АТЫРАУЛЫҚҚА — ТЕГІН ШИПАЖАЙ ЖОЛДАМАСЫ

fea6588f0449e4323a265b48139fc7e8 e1555570500731 Қоғам

Биыл 3 мыңға жуық атыраулық Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы курорттық шипажайға тегін жолдама алды.

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен биыл 1 топтағы мүгедектер мен ерекше балалардың жеке көмекшілеріне 55 АЕК көлемінде 14 күнге санаторий-курорттық жолдама берілді. Әлеуметтік қызметтер порталынан мүгедектігі бар барлық топтағы азаматтар өздерінің электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы үйден шықпай-ақ жолдама алуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ қалалық, аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде, округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарындағы мамандардың көмегімен ала алады, – деді А.Мәмбетов.

Ал әлеуметтік қызметтер порталында Қазақстан бойынша 60-тан астам шипажайдың тізімі бар. Портал арқылы таңдаған шипажайына тегін жолдама алып, жергілікті бюджет есебінен бөлінген жеңілдікке ие болғандардың бірі – Наурызбек Шәкиев.

— Осыған дейін, шипажайға тегін жолдама тек өзіме берілетін. Ал күтушіме өз қаражатымыздан жұмсалатын. Биыл жеке күтушіме де курорттық жолдаманы бірге алып, толық ем қабылдап қайттым. Өте қуаныштымын. Бұрын қаражаттан қысылған кезде 14 күнге жетпей емнің жартысын ғана алып қайтатынбыз. Байқағанымыздай, мұндай мүмкіндік тек Атырауда ғана екен. Тіпті өзге өңірлермен салыстырғанда жәрдемақының мөлшері де бізде жоғары екен, – деп ризашылығын білдірді 1-ші топ мүгедегі Н.Шәкиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз