Жарнама
Қоғам

«Адал азамат» – тәрбие жүйесіндегі маңызды бағдарлама

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясы – еліміздегі білім беру жүйесінің келешегін айқындайтын, маңызды стратегиялық бағыттарды белгілеген ауқымды алаң.

Биылғы конференцияның “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбы – уақыт талабы мен қоғам сұранысына толық сай келеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында білім саласы өкілдерінің басын қосып, білім мазмұнын жаңғырту, жасанды интеллектті енгізу, инклюзивті білім беру мен кәсіби бағдар мәселесін ортаға салу нақты нәтижелерге жол бастайды деп сенемін.

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының іске қосылуы – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды, патриотизм мен адалдықты сіңіруге бағытталған маңызды бастама. Бұл – жай ғана білім беру емес, тәрбиелеу ісінің жаңаша форматы.

Сонымен қатар конференция аясында ұсынылған цифрлық шешімдер мен жаңа технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект негізінде білім беру процесін ұйымдастыру тәсілдері – еліміздің білім жүйесін әлемдік стандарттарға жақындатуға жол ашады.

Мұғалімдердің мәртебесін арттыру, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау – еліміздің интеллектуалдық әлеуетін күшейтудің негізгі кепілі. Осы бағытта қабылданатын қарарлар мен шешімдер ел болашағы үшін маңызды болары сөзсіз.

Абдолла ИДРЕСОВ,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button