Қоғам
ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН ЕКЕН…
«Қорғау — Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы бір тәулікте 190-ға жуық құқық бұзушылық анықталды.
26 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы қызметкерлері «Қорғау — Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында рейдтік іс-шара өткізді. Арнайы бағдарлама арқылы айыппұл төлеуден жалтарған, сақтандыру полюсі жоқ автокөліктер анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды.
- Бір тәулік ішінде «Қорғау — Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы 50 автокөлік анықталып отыр. Бұл аталған автокөліктер 190-ға жуық құқық бұзушылық жасап, 2млн теңге көлемінде айыппұл төлемеуде. Және де бұған қоса бір тәулік ішінде жалған нөмір таққан 2 автокөлік белгілі болды. Барлық анықталған автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта Армения, Ресей елдерінде тіркелген автокөліктерге қатысты сақтандыру полюсін алмай жүрген азаматтарға қатысты жұмыс жандандырылып, қатаң бақылауда,-дейді Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Бигамбаев.
Іс-шара кезінде сақтандыру полюсін алмаған 30 автокөлік анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.