ҚАУІПСІЗДІК КӨШЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Көше толы қаптаған алақан жайғандар, одан қалды әр жерде шашылған қоқыс қалдықтары. Қаладан шыға берсеңіз, бос даланы әбден «иемденіп» алған қоқыстың, төңкерілген контейнердің көкесін көресіз. Осындайда әсіресе, тәртіп сақшылары, СЭС дәрігерлері неге осы мәселеде көзжұмбайлыққа салына береді екен деген ой келеді де тұрады.

 

Әріге бармай, «Дина», «Көктем» сауда орталықтарына бара қалсаңыз, алақан жайғандардан аяқ алып жүре алмайсыз. Сонда бұлар қайдан келгендер? Неге өз елдеріне қайтарылмайды? Неге оларды біз асырауымыз керек?
Сондай-ақ, автобус аялдамасын «иемденіп алған» таксилер мәселесін ретке келтіретін кез жетті. Бұрынырақта жол-көлік ережесінде қандайма жеңіл көліктің автобус аялдамасында тұруына болмайтындығы жөнінде жазылушы еді. Ал, қазір аялдама атаулыда қаздай тізіліп тұратын олар кейде келіп жеткен автобусқа тиесілі орнын бермей тұрып алады.
Жолаушылар көп жағдайда таксилердің арасымен автобусқа жетуге мәжбүр. Осындай қауіпті көріністерге неге жол полициясы теріс қарайды?

Өтеғали СӘТТЕГІ,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз