Жылыойда қауіпті инфекциялар тіркелді ме?
Атырау облысында су тасқыны басталғаннан бері Жылыой ауданында жұқпалы аурулар — ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, «Жылыой су» ЖШС Құлсары және Аққиизтоғай объектілерінің су құбыры желілеріне (су басқан) дезинфекция жүргізді.
5 көппәтерлі тұрғын үйде, 25 кіреберісте, 5 аулада дезинфекция жасалды.
19 сәуірде әкімшілік ғимараттарда, мәдениет және спорт объектілерінде, қаржы ұйымдарында, коммерциялық объектілерде және т. б. дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
21 сәуірде қосымша 127 үйде дезинфекция жасалған.
Су басқан шағынаудандарда мал қорымына 436 бас ірі қара мен құс, 20 үй жануары (иттер) тәркіленіп, жойылды.
Жануарлар иелері тарапынан актілер жасалды. Құлсары қаласының қалған шағынаудандарында және Қарағай елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Құлсарға келіп жатқан су тоқтатылды. Бақашы су басқан ауданының 1,5 шақырымында жол салынды, Құрсайға келетін су тоқтатылды.
Жұмыстарға 15 бірлік техника жұмылдырылды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта қала аумағында тасқын суларды тәулік бойы тазарту және құрғату жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.