Ұзақ өмір сүрудің жеңіл тәсілі анықталды
Таза ауада үнемі бірқалыпты физикалық жаттығулар жасау егде адамдар арасындағы өлім-жітім қаупін азайтады. Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуі British Journal of Sports Medicine журналында жарияланды.
Зерттеу қорытындысы күнделікті жарты сағат серуендеу өлім-жітім қаупін 17 пайызға төмендететінін көрсетіп отыр.
Зерттеу авторлары 1181 ер адамның денсаулық жағдайы мен өлім-жіті динамикасын бақылап келген.
Зерттеу басталған уақытта ер адамдардың орташа жасы 78-ге жуықтаған еді. Әр адмды орташа есеппен бес жыл бақылап, зерттеу соңына дейін 194 адам көз жұмған.
Мамамандар итпен серуенге шығу немесе бақшадағы жұмыс сияқты қарқынды физикалық жаттығулар да өлім-жітім қаупін төмендетеді, алайда, мұндай жаттығуларды егде адамдардың бәрі көтере алмайтынын атап өтті.
Ал жеңіл дене жаттығуларының өмір ұзақтығына айтарлықтай үлес қосатынын белгілі болып отыр.
Хорлан Смадияр