Ауыз судың сынамасы тексерілді

324ec1e57651c3809eea91104b130eb9 1280x720 Медицина

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда ауыз судың 4 мыңнан астам сынамасы алынды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, сынамалар санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқтығы анықталды. Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде желдей ескен су басқан аймақтардағы ауыз судың түрлі ішек инфекцияларын тудыратыны туралы хабарламаларды жоққа шығарды. Қазір бұл өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысы күшейді.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз