Жарнама
Медицина

«Саламатты Қазақстан» пойызы — Нарын ауылында

Бүгін, 11 маусым күні, Исатай ауданының Нарын ауылына әлеуметтік маңызды миссиямен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келіп тоқтады. Аталған жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қаржылай қолдауымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігінің серіктестігі арқылы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

img 4985

Медициналық пойыздың басты мақсаты – шалғай ауыл тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласындағы қолжетімділікті арттыру.

Салтанатты қабылдау барысында алғашқы сөзді Нарын ауылдық округінің әкімі А.Әбуов алып, ауыл халқына сапалы қызмет көрсетуге келген дәрігерлер мен мамандарға алғыс білдіріп, табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл пойыз 9 маусым күні Исатай ауылында аялдап, ондаған тұрғынды қабылдап, қажетті медициналық кеңес пен тексерулер жүргізді. Ертең, 12 маусым күні «Саламатты Қазақстан» пойызы Аққыстау ауылына келіп, өз жұмысын жалғастырады.

Ауыл тұрғындары үшін бұл – ерекше мүмкіндік. Себебі құрамында жоғары білікті мамандар бар пойыз тобы жалпы практика дәрігерлері, гинеколог, педиатр, невропатолог, офтальмолог, хирург, УДЗ және рентген мамандары сынды түрлі бағытта қызмет көрсетуде.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button