Сәбидің өмірін сақтайды

vdohnutь zhiznь Медицина

ЗАМАНАУИ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ – ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯСЫНА АРНАЛҒАН ИНКУБАТОР ЖӘНЕ АШЫҚ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ. ОЛ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ЕМДЕУДЕ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЗОР КӨМЕК. ОСЫ ЖАБДЫҚТЫ ПЕРЗЕНТХАНАҒА «AYALA» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ МЕН «BAYER» ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ СЫЙҒА ТАРТЫП ОТЫР.

Алдағы бес жылда бұл қондырғы дәрігерлерге кемінде 1350 шақалақтың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді деген болжам бар. Жобаға «BAYER» Қазақстан компаниясы 9,5 миллион теңге демеушілік қолдау жасаған.

– Перзентхана медициналық көмек көрсетудің ІІ деңгейіне жатады. Қалада тұратын әйелдердің босануы қиындаса, осы мекемеге жіберіледі. Жедел және сапалы көмек көрсету үшін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі реанимациялық жабдыққа өте зәру еді. Неонатолог-дәрігерлер мен реаниматологтардың кішкентай атыраулықтарға күтім жасауы және функционалдық денсаулығын сақтауға көмектесетін сенімді жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуанып тұрмыз. «AYALA» қоры мен « BAYER » компаниясына қала не онатолотарының қажеттіліктеріне назар аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз, – деді қалалық перзентхананың директоры Гүлзейнеп Дүсіпова.

vdohnutь zhiznь2

Демеуші компанияның басшысы ана мен баланың саулығына қамқорлық жасау маңызды миссия екенін айтып, «AYALA» қайырымдылық қорымен екі жылдан бері іскерлік қарым-қатынаста жүргеніне қуанышты екенін жасырған жоқ. Өйткені, осы арқылы болашақ ұрпақтың денсаулығын жақсартуға үлес қосып келеді. Атырау қалалық перзентханасының ж а ң а туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі жыл сайын 270-тен астам баланы қабылдайды.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз