Медицина

Ресейлік хирург балалар ауруханасында шеберлік сағатын өткізуде

Қараша айының 20-23 аралығында ресейлік балалар хирургы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Соколов Юрий Юрьевич облыстық балалар ауруханасы базасында шеберлік сағатын өткізуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық балалар ауруханасының facebook парақшасында жарияланды.

99

«Сәби» қайырымдылық қорының «Шұғыл балалар хирургиясы» атты жобасы шеңберінде қарашаның 20-23 аралығында академик Долецкий С.Я. атындағы «Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру» академиясының балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Соколов Юрий Юрьевич облыстық балалар ауруханасы базасында шеберлік сағатын өткізуде. «Шеберлік сағаты шеңберінде облыстық балалар ауруханасының хирургтары, аудан ауруханаларының дәрігерлері өз білімдері мен тәжірибелерін жоғарылатуға мүмкіндік алды», делінген жазбада.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button