Жарнама
Медицина

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзаруы мүмкін

Кейінгі жылдары денсаулыққа аса қауіпті саналатын аурулардың қатары азайған, тұрғындардың өмір сүру сапасы артып, орташа жасы 75-ке жетуі мүмкін деп хабарлайды atr.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

Соңғы жылдары қант диабетіне шалдыққандар саны азайып келеді. Халықаралық Диабет Федерациясынының  мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 20-79 жас аралығындағы адамдар арасында қант диабетінің таралуы 2016 жылы 6,7%-ға, 2021 жылы 6,3%-ға төмендеген.   

               Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада, өлімге жиі душар ететін сырқаттарға қан айналым жүйесі аурулары, тыныс алу жүйесінің ісіктері мен аурулары, уланулар, жарақаттар мен ас қорыту жүйесінің аурулары кірді. Бір қызығы, қант диабеті бұл қатарға кірмеген. Қант диабетіне қарсы қабылданған ұлттық бағдарлама мен түрлі науқандар халық арасында қант диабеті туралы мәліметтің көп таралуына жол ашып, осы сырқаттан көз жұматындар санын азайтты.

«Бұған қоса, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2021-2025 жылдарға арнап «Дені сау ұлт» жобасын жасады.  Онда бірқатар мақсаттар қойылған:

— салауатты өмір салтын қалыптастыру ;

— медициналық қызметтердің сапасын арттыру;

— ғылыми медицина мен кадрлық әлеуетті дамыту

 — денсаулық сақтауда біріңғай цифрлық кеңістік қалыптастыру. 

Ол жүзеге асқан соң елдегі азаматтардың өмір сүру сапасы артып, орташа жас 75-ке жетеді деген үміт бар», делінген хабарламада. 

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button