«Қазақстан халқына» қоры орфандық ауруы бар 490 азаматқа 62,3 млрд. теңгенің көмегін көрсеткен
«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында медицина саласындағы қайырымдылық көмектер туралы мәлімет берді.
– Қор 2022-2024 жылдары орфандық ауруы бар 490 азаматқа 62,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетті. Оның 371-і бала. Қор онкологиялық және онкогематологиялық ауруы бар 1284 азаматқа 14,76 млрд теңгеден астам көлемде көмек көрсетті, — деді Болат Жәмішев.
«Қазақстан халқына» қоры 2023-2024 жылдары балаларға көрсетілетін нейрохирургиялық қызметті дамыту үшін 19 өңірде 22 медициналық ұйымды жабдықтауға атсалысқан.
– Орфандық науқастарды қажетті препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей міндеті екенін атап өткім келеді. Қайырымдылық қоры мемлекеттің функцияларын қайталамауы керек. Тек әлеуметтік көмек аясындағыц бастамаларды толықтырып, қолдауы керек, — деп толықтырды спикер.
Еске салсақ, былтыр тамызда «Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлген