Жарнама
Медицина

Қазақстан ауылдарына 473 денсаулық сақтау нысаны салынды

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы республика Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жобаның мақсаты — медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту және инфрақұрылымды жаңарту арқылы ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

–Ұлттық жобаның шеңберінде 655 нысан – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салу жоспарланған. Бүгінде 473 нысан пайдалануға берілді, қалған 182 нысанды жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Жаңа нысандар тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 427 ғимараттың орнына, медициналық инфрақұрылымы жоқ немесе жалдамалы ғимараттарда орналасқан ауылдардағы 208 нысанның орнына, бұрын мүлде медициналық мекеме болмаған және мамандар жұмыс істемеген 20 елді мекенде салынып жатыр, — делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар 32 аудандық аурухана ауданаралық аурухана деңгейіне дейін жаңғыртылуда.
Жобаның шеңберінде ауылдық медициналық мекемелер заманауи диагностикалық және зертханалық жабдықтармен, телемедицина аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл тұрғындарына өз елді мекендерінен шықпай-ақ, білікті дәрігерлік көмек алуға мүмкіндік береді.

Жалпы ел бойынша ауыл тұрғындарына 3,5 мыңнан астам фельдшерлік-акушерлік және медициналық пунктті, 1 300 дәрігерлік амбулаторияны, 148 емхананы,175 аурухананы қоса алғанда медициналық көмек көрсететін 5 мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button