Жарнама
Медицина

Перзентхана дәрігерлері жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды

Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды. Айы-күні жетіп, ауырып перзентханаға келген әйелге бірден  үш ота жасалды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 қарашада қалалық перзентхананың қабылдау бөліміне жүктіліктің 39-шы аптасында іштің өткір ауырсынуымен шағымданған әйел келген.  Әйел жедел түрде операциялық бөлімге кесарь тілігін жасауға ауыстырылды.

—  Дәрігерлер ота жасау арқылы салмағы 4 келі сәбиді аман алып қалды.  Операция кезінде әйелдің қосымша гангренозды аппендициті анықталып, оны хирургтар алып тастаған. Сондай — ақ, әйелге кіндік жарығының бұзылуына байланысты да ота жасалды, — деді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүсіпова.

Дәрігерлердің айтуынша, үш отадан кейін ананың саулығы жақсы. Сәбиін омырау сүтімен қоректендіруде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button