Жарнама
Медицина

ӨЗГЕНІҢ ЖАНЫ ҮШІН

Бар болғаны екі-ақ күнде жүзге жуық адам өзгенің жаны үшін өзінің қанын берді. Ал, жылына алты мәрте үзбей қан тапсырып жүрген Айтқали Сманов игі істі дәстүрге айналдырыпты. — Қан тапсыру кез келген адамның асыл парызы. Өзім қан тапсырғанымда бойым сергіп, денсаулығым жақсара түсті. Демек, мұндай жауапты іс әрі сауапты, әрі денсаулыққа пайдалы, — дейді ол. «Донор» сөзі латынша «сыйлау» деген мағынаны білдіреді.

Аталған орталық қызметкерлерінің айтуына қарағанда, күніне 100 адам келіп қан тапсырса, оның тең жартысы науқас туыстарына жәрдемдеседі екен. «Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса, бұл ақ халатты абзал жандардың қым-қуыт қызметіне оң әсерін тигізері хақ. Өйткені, орталықта 24 сағат бойына қанға деген сұраныс үнемі туындап отырады. Сондай кезде таза қанға тапшылық өткір байқалады», дейді облыстық қан орталығы басшысының орынбасары Жаңылсын Шындауылова. Аталған акцияға «FugroKazProject» геологиялық зерттеу мекемесі де өз үлесін қосты.

Торғын ЖОРТАБАЙ, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының мүшесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button