Жарнама
Медицина

ОТАШЫ

— Әлима, — дейді диспансердің бас дәрігері Жаңабай Сағиев, – хирургия саласында бетке ұстар білікті дәрігеріміз, мақтанышымыз. Хирургия бөлімінде кез келген маман жұмыс істей алмайды. Әлима болса осы хирургияның қыры мен сырын жетік меңгерген.

Әлима Әміржанқызы 2001 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина  институтының  емдеу факультетін үздік бітірген соң туған өлкесіне оралды. Дәрігерлік еңбек жолын облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде қатардағы фтизиатр дәрігер, одан кейін хирургия бөлімінің меңгерушісі  болған он төрт жылы ішінде өкпе сырқатына шалдыққан бірнеше жүздеген науқасқа ота жасап, ажалға араша тұрды. Оның үстіне, ол – өкпеге жиналған суды ота жасамай-ақ «Торакоэндовидеоскоп» аппараты арқылы сорып алып,  емдеп жазудың білікті маманы.

Әлима осы жылдар ішінде Ақтөбе, Алматы, Астана, Мәскеудегі білім жетілдіру институттарында болып, хирургия саласында білімін жетілдіріп, мол тәжірибе жинақтады. Ал, 2013 жылы Литва мемлекетінің Вильнюс қаласындағы ең озық клиника орталығында білімін жетілдірумен қатар, бірнеше науқасқа күрделі оталарды сәтті жасап, литвалық  әріптестерін ерекше таң қалдырғаны бар.

— Ойда-жоқта төсекке таңылған науқастың сырқатынан айығып, жас сәбидей алғаш қадам жасағанын көрген кезде өзімді шын мәнінде бақытты сезінемін. Хирургия бөлімінің әрбір мүшесінің,  яғни, дәрігерлер мен медбикелердің де басты мақсаты – науқасты сырқатынан айықтырып, шуақты жүздерін  көру,- дейді Әлия Әміржанқызы.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button