Жарнама
МедицинаҚоғам

Өзгеге зияның тимеуі үшін

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері полиция
қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпті індеттен қалай сақтану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басты талап – арақашықтықты сақтау, бетперде кию керектігі.

Атырау қаласының орталық көпір маңы саябағында жəне Исатай-Махамбет алаңында Атырау қаласының тұрғындары мен қаламыздың қонақтарына «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дəрігерінің қаулысы кеңірек түсіндірілді.

Түсіндірме жұмысы барысында тұрғындарға қаулыға сəйкес ашық алаңда міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүруге жəне əлеуметтік арақашықтықты сақтауға кеңес берілді.

Кездескен тұрғындар мен қала қонақтары арасында түсіндіру жұмыстарына наразылық білдірген, болмаса қарсы уəж айтқандар болған жоқ.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button