Жарнама
Медицина

Өңір медицинасындағы оң өзгеріс

Еліміздегі денсаулық сақтау  жүйесіндегі негізгі өзгерістер соңғы жылдары  бірнеше бағытта жүзеге асуда. Бұл өзгерістердің ішінде денсаулық сақтау саласының қаржыландырылуын жетілдіру, медициналық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту, сондай-ақ ақпаратты технологияларды қолдану саласындағы жетістіктер бар. Соның бірқатарына тоқталып өтсек…

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы енгізілді. Бұл жүйе халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарына медициналық көмек көрсетуді қайта құрылымдауға бағытталды. Сондай-ақ жүйе арқылы адамдардың жан басына шаққандағы шығыстары айтарлықтай өсті. Бұрын әр адамға 56 мың теңге болса, қазір бұл көрсеткіш 122 мың теңгеге жетті. Осылайша азаматтар тегін медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік алды. 

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру электронды денсаулық сақтауды дамытуды және қағазсыз жұмыс процесіне көшуді талап етеді. Осыған орай электронды денсаулық карталары, онлайн дәрігерге жазылу, “Электронды үкімет” порталы мен QR арқылы тегін дәрі-дәрмекті амбулатория-пациент дегенқағидатпен ұялы телефонмен тікелей қолға алу, медициналық ақпараттарды сақтау мен өңдеу жүйелері  енгізілді.

Ауылдық жерлерде жаңа медициналық мекемелер ашылды. Дамбы дәрігерлік амбулаториясында мобильді емхана қызметтері және 4 санатты жедел жәрдем көмегі көрсетіледі. Бұл да дер кезінде науқастың ауруын асқындырмай, шұғыл түрде көмек көрсетуге оңтайластырылған.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай келетін диагностикалық және емдеу әдістері енгізілуде. Аталмыш медициналық қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптарды күшейтеді. Сонымен қатар пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі пациенттердің құқығын қорғау бойынша саясат жүргізеді. Оған қоса шағымдарды беру үдерісінің бар екендігі туралы, медициналық қызметке қатысты қарама-қайшылықтар кезінде, пікірлердің келіспеушіліктері кезінде шаралар қолдану жолдары туралы ақпарат береді. Шағым бойынша жұмысты аяқтап болғаннан кейін, шағымға қатынасы бар бөлімше ішкі аудит қызметімен бірге қайта шағымданудың алдын алу мақсатында  нақты шешімдер қабылдайды.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” туралы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Медицина қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жаңа технологияларға сәйкес қайта даярлау жүйесі де жолға қойылды. Жас дәрігерлерге мемлекет, облыстық әкімдік тарапынан қолдау тетіктері қарастырылған. 2018 жылдан бастап резидентура бағдарламасы бойынша білім аламын деген мамандарға грант бөлініп келеді.Өткен жылы ақ халатты абзал жан атануға ниетті 113 атыраулық облыс әкімдігінің грантына ие болды. Оның 82-сі — бакалавриат, 31-і резидентураға оқуға түсті.

Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың қолдауымен медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге берілетін бір жолғы әлеуметтік қолдау көлемі ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қалаға келген мамандарға 5 млн. теңгеге, аудандық жерлердегі медициналық ұйымдарға орналасқандарға 8,5 млн., ауданнан тыс жерлердегі (селолық, ауылдық деңгейде) медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасқанмедициналық қызметкерлерге 10 млн. теңгеге дейін өсті. Өңірімізде дәрігер жетіспеушілігі мәселесін болдырмау үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, былтыр дәрігерлерге 105 пәтер берілді. Бір реттік көтерме ақы бойынша 97, жеңілдетілген ипотека бойынша 40 маман пәтерге ие болып отыр.

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстанда 2026 жылға дейінгі  саладағы өркендеудің 7 негізгі бағытын талқылады. Олар — салауатты өмір салтын қалыптастыру және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, медициналық көмек ұйымдастыруды жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадрлардың біліктілігін арттыруды даярлау, дәрілік заттарды қамтамасыз етуді және фармацевтика өнеркәсібін дамыту, медициналық, фармацевтика,  медициналық ғылымды қаржыландыру бағыттары болды.

Оң өзгерістердің легі алдағы уақытта да тоқтамайды деп ойлаймын. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында инсульт және кардиологиялық, коронарлық араласулар, сонымен бірге онкологиялық орталықтарды заманауи үлгіде салу және тыныс алу, туберкулезге қарсы қызметті жаңғырту жоспарлануда.

Гүлжанат ШАРИПОВА,

Дамбы дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button