Облыста қант диабетіне шалдыққандар саны артуда
Биыл диабетке шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артқан. Бұл туралы эндокринолог-дәрігер Бибігүл Айтмағанбетова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Олардың 213-і – кәмелет жасына толмағандар. Қазір жергілікті денсаулық сақтау басқармасы диабетке шалдыққан науқастарды емдеу және қолдау шараларын күшейтуде. Мамандар аурумен күресудің тиімді жолдары – салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік екенін ескертеді.
– Науқастардың көбі қант мөлшерінің көбейіп кеткенін біле бермейді. Қант диабетінің бірінші типімен ауыратындар есінен танып құлап қалады. Ал екінші типке жататын дерт көпке дейін белгі бермейді. Сондықтан көпшілігі қант диабетіне шалдыққанын өте кеш біледі. Облыс бойынша диабетке қарсы қажетті дәрі-дәрмектер мен инсулинмен қамтамасыз ету тұрақты түрде бақылауда, — деді Б.Айтмағанбетова.
Айта кетейік, жыл сайын 14 қарашада дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді.
Сурет: gov.kz