Медколледж жатақханасы тұрғындарды қабылдайды

189595ec 5e95 4aaf b167 3acb2f4343a0 Медицина

Атыраудағы эвакуациялық пункттердің бірі – 200 орындық Атырау жоғары медициналық колледжінің жатақханасы судан зардап шекккендерді қабылдауға дайын. Мұнда қазірдің өзінде қызылқоғалық және жылыойлық 60 студент жатыр.


Колледж директоры Лаура Құбаеваның айтуынша, басшылық пен қызметкерлер тәулік бойына кезекшілік етуде.


– 2021 жылы пайдалануға берілген 200 орындық жатақханадағы өзге оқушыларды үйлеріне жіберіп, колледжде білім алып жатқан Қызылқоға және Жылыой аудандарының балаларын алып қалдық. Қазір эвакуацияға арналған 140 орын дайын тұр. Бөлмелер екі және үш орынға арналған, асхана, жуынатын және медициналық бөлмелері де бар, – деді колледж директоры.
Өзіміз көргендей, мұнтаздай таза бөлмелерге төсек-орындар мен шкафтар қойылған. Бүгін кезекшілікте тұрған колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Рауза Бақытова санитарлық талапқа, ең алдымен тазалыққа мән беріп отырғандарын айтады.


Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз