Жарнама
Медицина

Медицина цифрландырылуда

Елімізде цифрландыру бағдарламасы қарқынды жүріп жатыр. Осы бағытта Атырау өңірінде де біраз жұмыстар атқарылды. Соның ішінде, медицина саласы бойынша көптеген игі бастамалар қолға алынған. Осы жетістіктер жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева мен республикалық электрондық  денсаулық сақтау орталығы Атырау облыстық филиалының директоры Майра Қашкенова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.

slugba

– Бүгінгі  күні дәрігерлердің  де IT саласын жетік меңгеруіне  талап қойылуда. Яғни, қызметкер тек компьютерді ғана  емес, ол порталмен жұмыс істеу, оның ішіндегі бағдарламалардың мазмұнын білуі керек. Қазіргі таңда облысымыздағы емдеу орындарында  1400 дәрігер, 3912 орта буын медицина маманы еңбек етеді. Ауруханалар мен емханалардың барлығы 100% компьютермен жабдықталған деп айтуға болады. Облыс емханаларында интернет желісі, электронды карта, «Мен анамын» мобильдік қосымшасы  жұмыс жасап тұр. Енді «Патронаждық медбике», «Пациенттің кабинеті» мобильді қосымшалары қолданысқа енгізіледі, — деді басқарма басшысы.

Цифрлық бағдарламалар негізінде тәулік бойы халықпен қарым-қатынас орнату жүйелері жұмыс жасап тұр. Оның бірінші түрі, egov.kz сайты арқылы порталға жазылу болса, екіншісі – ұялы телефоннан мобильді қосымша арқылы дәрігерге жазылу.

Сонымен бірге, кейбір емханаларда, дәрігерлік мекемелерде мобильді қосымшаны халыққа мейлінше кең тарату үшін тіркеу нүктелерінде келушілерге түсіндіру столдары ұйымдастырылып жатыр. Қажет болған жағдайда қосымшаны телефондарына қондырып беру жұмыстары да қолға алынған.

– Жалпы біздің облыс денсаулық сақтау министрлігі тарапынан енгізілген ақпарттық жүйелер және қосымша енгізіліп жатқан медициналық ақпараттық жүйелер бойынша толық қамтылған. Солардың барлығы, яғни, 22 портал және бес автоматтық жүйедегі ақпараттық бағдарламалар бүгінгі күні жұмыс жасап тұр. Ендігі кезекте оларды қосымша енгізілген автоматтық бағдарламалармен интеграциялау процестері қолға алынып жатыр. Осы ақпаратты жүйелерді енгізу арқылы дәрігерлердің, медбикелердің жұмыстарын жеңілдету, келіп отырған науқасқа көбірек көңіл бөлу көзделген,- деді Майра Қашкенова.

Мұратбек Жаңабай

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button