«МЕДИКЕР — АТЫРАУ» – «САПА КӨШБАСШЫСЫ — 2014»
Бұл емдеу орнында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай көптеген соғыс ардагерлері тегін емделеді. Сонымен қатар, көптеген ірі компаниялармен сақтандыру бағдарламасына сәйкес клиенттерге сапалы медициналық қызмет көрсетіледі.
Емдеу орталығы таяуда «Ұлттық бизнес рейтингінің» жасаған экономикалық рейтингтік бағдарламасына орай Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Белоруссия елдері арасында бизнес-рейтингі нәтижесі бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау мен экономикасы дамуына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды. Атап айтқанда, емдеу орны ұжымы «Сапа көшбасшысы — 2014» ескерткіш медалін иеленсе, мекеменің бас директоры Еркін Сабыров «Қазақстан Даңқы» орденін алды. Ал, дәрігер Хамит Ұшырбаев ескерткіш медаліне, дәрігер Мүнира Ахметова, бас есепшісі Әмина Кенжеахметова, мейірбике Әлия Әуелбековалар «2014 жылдың ең үздік мамандары» деген сертификаттарды еншіледі.
Өткен аптаның жұма күні медициналық орталықтың жиналысына қатысқан қала әкімінің орынбасары Амантай Айтпаев және «Медикер» компаниясының бас менеджері Айдын Айтманбетов осы жоғары атақтарды иелеріне салтанатты жағдайда тапсырып, ұжымға алдағы уақытта халық денсаулығын сақтау ісінде жоғары жетістіктерге жете берулеріне ізгі тілектерін білдірді.
Ғ.ИСАЕВ.