Жарнама
Медицина

Мақаттың орталық ауруханасына медициналық құрылғы тарту етілді

«Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы аясында Атырау облысы Мақат ауданындағы орталық ауруханаға ультрадыбыстық зерттеу құрылғысын тарту етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағзаның ішкі құрылымын кең ауқымда зерттеуге мүмкіндік беретін диагностикалық аппарат аудан тұрғындары үшін толықтай қолданылысқа берілді.

–Біз жаңа медициналық жабдық арқылы құрсақ қуысындағы ағзалардың ақауларын, жүрек және басқа да ішкі құрылыс ауруларын диагностикалау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Осы арқылы көптеген ауруды ерте анықтап, адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесе аламыз. Бүгінде аудан тұрғындарына облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Сол үшін де өте қуаныштымыз, — деді Мақат аудандық орталық аурухананың басшысының м.а. Рыскүл Тайшекенова.

Айта кетейік, аудан бойынша заманауи ультрадыбыстық зерттеудің қызметіне күніне 15 шақты, айына 350-ге жуық тұрғын жүгіне алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button