Жарнама
Медицина

МӘМС – тің қандай артықшылықтары бар: маман пікірі

Елімізде МӘМС жүйесінің енгізілгеніне биыл бесінші жыл. Бес жыл деген мәселесі шаш-етектен келетін медицина саласына енгізілген мұндай күрделі реформа үшін көп уақыт емес. Атырау қаласында МӘМС жүйесі қалай іске асырылып жатыр? Ол үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын алу үшін atr.kz тілшісі № 7 Атырау қалалық емханасының директоры, іскерлік әкішілік магистрі, қалалық мәслихат депутаты Гульнафис Абдиллақызы Таңбаевамен сұхбаттасқан еді.  

            — Құрметті Гульнафис Абдиллақызы ең алдымен өзіңіз басқарып отырған Атырау қалалық № 7 емханаға тіркелген азаматтар саны және де олардың ішінде қаншасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесін иеленетіндері қанша? Жалпы, емханада тұрғындарды МӘМС жүйесінде сақтандыру бойынша қандай шаралар жүргізіліп келетіндіген тоқталып өтсеңіз?

Бүгінгі таңда № 7 қалалық емханаға 37885 халық тіркелген, 2024 жылдың 1 қаңтар  жағдаймен оның 32810 тұрғыны сақтандырылған, ал 5075 тұрғыны сақтандырылмаған, яғни бұл тіркелген тұрғындардың 15,4%-ын құрап отыр, әрине бұл өте жоғары, алайда түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп келе жатыр. Емханамызда МӘМС жүйесі бойынша интернет желілерінде, емхана сайттарында тікелей эфирлер пост  ақпарттандырулар үнемі жүріп тұрады.  Әрбір участок науқастармен үнемі байланыста болып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Сақтандырылу бойынша қосымша сұрақтар бойынша  емханадағы Call-center 8778 315 22 41 немесе 1414 нөміріне   хабарласып ақпарат алуға болады.

 — Қалалық № 7 емханаға тұрғындарға қандай медициналық қызметтер көрсетіледі? Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке жүгініп, МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметтер алған тұрғындар саны қанша? Сіздің емханада сырқаттары анықталып, әрі қарай квота немес портал арқылы орталықтарда ем алған науқастар санына қанша?

Қазіргі таңда МӘМС жүйесі бойынша емханамызға тіркелген тұрғындарға барлық сапалы медициналық қызметтердің түрлері көрсетіледі.  №7 Атырау қалалық емханасында жалпы 37885 тұрғын бар. Олардың ішінде 11166 бала, 1953 жасөспірім, 24766 ересектер бар. Емханамызда профилактикалық бағытта жұмыстарға аса көңіл аударылуда. Скрининг бойынша жұмыстар жасалуда. Қан-тамыр жүйесі ауруы бойынша жоспар 3208, орындалуы 3613, анықталған науқас саны-138, қант диабеті ауруы жоспар 3208, орындалуы 4098, анықталған наусқас саны 100, глаукома жоспар 3218, орындалуы 4417, анықталған науқас саы 10, тоқ ішек ауруы 2035, орындауы 2037, анықталған науқас саны 17, маммография сүт безі қатерлі ісік ауруы 1989, орындалуы 1964, анықталған науқас саны 675,  жатыр мойны ауруы 1552, орындалуы 1625, анықталған науқас саны-180, балалардың 0-17 жасқа дейін жоспар 9250, орындалуы 100%, анықталған науқас саны — 2477.  Емдеуге жатқызу порталы бойынша сырқаттары анықталып әрі қарай квота Республикалық  жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету бойынша ем алған науқастар саны 400 ге жуық, ал портал арқылы ем алған науқастар саны 5106. Айта кетерлік жағдай былтыр ОДСБ бұйрығымен емханамызда «Сенім» жастар орталығы және балаларға арналған кеңес-диагностикалық орталығы ашылған болатын. Әр бөлім бейінді мамандармен қамтамасыз етілген. Алайда балалар кардиологы, узист және эндокринолог маман тапшылығы бар. Емханамызда және әлеуметтік маңызы бар аурулар күніне орай байланысты ашық есік күндері өткізіледі. Науқасқа кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсетілімдер болған кезде дәрігер КТ, МРТ, зертханалық диагностикалық   зерттеулер жүргізуге жолдама жазады. Қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болуы тиіс, өйткені емхана деңгейінде бұл қызметтер МӘМС шеңберінде көрсетіледі.  Қазіргі таңда МӘМС жүйесі бойынша емханамызға тіркелген тұрғындарға барлық сапалы медициналық қызметтердің түрлері көрсетіліп жатыр.

Гульнафис Абдиллақызы, қалалық №7 емханада науқастарды қолдау қызметі жұмыс жасай ма? Науқастардың өтініштері мен шағымдарын қарау бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

Халықты ақпараттандыру мақсатында науқастарды қолдау қызметіне маман тағайындалып, жұмыс жасайды. Әрбір түскен  арыз шағым  мен өтініштер жіті қаралып сараланып тұжырымды жауап беріледі. Науқастарды қолдау қызметінде «Қазір және жедел» осы жерде шешу мақсатында өзімде аптасына екі рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 17:00 —  18:00 қабылдау жүргіземін. Әрбір түскен  ұсыныстарды жұмыс барысында ескере отырып түзетуге тырысамыз. Арыз – шағымдарды болдырмау мақсатында тіркелушілермен түсінік жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек шағымның алдын алу мақсатында әрдайым  медицина  қызметкерлерімен оқытулар,  түсінік жұмыстары, бұйрық тармен күніге таныстырылып отырады. Және де медицина қызметкерлерімен этика деантология бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады.

Өзіңіз Денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан дәрігер, әрі сарапшы маман ретінде елімізде жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы өз ойыңызды білсек?

Міндетті медициналық сақтандырудың бүгінгі күні артықшылықтары көп. Мәселен тиімділігі жарна төлеу көлеміне қарамастан, қымбат медициналық көмекті кез-келген адамның алуына болады. Ол халық үшін керек. Өйткені кез-келген адамның ақылы емге қаржысы жетпейді. Жүйеге қатысушыларға бар мүмкіндік жасалған. Әсіресе ауыл медицинасына, жастар орталығына, реабилитацияға қаржы көлемі артты. Міндетті медициналық сақтандырудың нәтижесінде тегін дәрі-дәрмекке, үнемі жетіспей жататын ауруханалардың техникалық жабдықталуына, кадрлармен қамтылуына, жаңа технологияларды енгізуге және басқа да көптеген денсаулық қажеттіліктеріне қомақты қаржы аударылуда.  Азаматтарға тегін көмек алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу қажет. Өкінішке орай елімізде 3 млн артық,  емханамыз бойынша 5 мыңға жуық адам тіркелмеген. Ол дегеніміз медициналық көмекті қажет болған жағдайда толық ала алмайды, әрине шұғыл медициналық көмектен басқа.  Бұл әлі де болса міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шарттарын қалай пайдалану жайлы түсіндіру ақпараттық жұмыстары халыққа толық жетпіспеуінде деп ойлаймын.

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы fms.kz ресми сайты Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 байланыс орталығы. Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді.

МӘМС жүйесінің қолданысқа еңгеніне аз ғана уақыт өтсе де, халыққа өзінің тиімді жағын да көрсетіп, денсаулығын жақсартуға септігін тигізуде деп ойлаймын.

Әңгімеңізге рахмет! 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button