МӘМС: Стоматологиялық көмекке 1,2 млрд теңге бөлінеді

img 6368 Медицина

«Атырау облысы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмектіқаржыландыру 2023 жылы 0,9 млрд-тан 2024 жылы 1,2 млрд-қа дейін артты, яғни биыл қаржыландыру 31% өсіп отыр» – деп тоқталып өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Газизов. 

Қор филиалы директорымен ең өзекті деген сұрақтарды жинақтап, сұхбаттасқан болатынбыз.

– Байтолла Закарьяұлы МӘМС қаражаты есебінен кімдер тегін көмек ала алады?

–  

Стоматологиялық көмек жоспарлы және шұғыл түрдегі көмектер барлық 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. 

Шұғыл түрдегі көмектер азаматтардың жекелеген санаттарына: ҰОС ардагерлеріне; 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар; атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

– Жоспарлы стоматологиялық көмекке не кіреді?

Жоспарлы стоматологиялық көмек – бұл ауыз қуысының, тіс пен қызыл иектің саулығын сақтау үшін операциялық емдеу болып табылады. Атап айтсақ, тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, тіс өңезін және тіс тасын алу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу. 

– Шұғыл стоматологиялық көмекке не кіреді?

Шұғыл стоматологиялық көмек амбулаториялық деңгейдеконсультациялық-диагностикалық көмек түрінде де, стационарлық жағдайда да көрсетілуі мүмкін. Бұған күрделітісжегіні, пульпитті, периодонтитті, альвеолитті, невралгияны, невритті, стоматиттің ауыр түрлерін емдеу, күрделі тісті жұлу, абсцессті ашу, одонтогендік жылауықты алып тастау, жоғарғы-төменгі жақ буынының қисаюынтүзету, тістердің бөлінуін уақытша бекіту, қатерсіз өсінділермен эпулисті (жергілікті тітіркендіргіш факторлардың әсерінен пайда болатын ісік тәрізді өсінді) алып тастау. Еріннің, тілдің жүгеншігі пластикасының операциясы да МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер тексеру нәтижелері бойынша тіс дәрігері амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деген объективті шешім қабылдаса, ол науқасқа  бас тартуға және оны жедел жәрдем арқылы ауруханаға жіберуге құқылы. Жедел госпитализацияның көрсеткіштері созылмалы одонтогенді және неодонтогенді қабыну ауруларының жедел немесе асқынуы немесе жақ-бет аймағының жарақаты, қан кету және шұғыл емдеуді қажет ететін шұғыл жағдайлар болып табылады.

– Ортодонтиялық көмекті МӘМС жаба ала ма?

Иә. Ортодонтиялық көмек жақ-бет аумағының туа біткен патологиясы бар балаларға, ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, тіс-жақ аномалияларының әртүрлі түрлері бар аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Атап айтқанда, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға, сондай-ақ ортодонтиялық алмалы-салмалы аппаратты (ортодонтиялық пластина) пайдалана отырып, тіс-жақ ауытқуларын жою үшін аппаратты пайдалана отырып, сондай-ақ тіс-жақ ауытқуларының әртүрлі түрлері бар балаларға көрсетіледі.

– Қандай стоматологиялық клиникаларда МӘМС әрекет етеді және емхананың учаскелік дәрігерінен жолдама қажет пе?

Жоқ, емханадан жолдама талап етілмейді. Стоматологиялық көмекті емханалар жанындағы стоматологиялық кабинеттен де, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жеке стоматологиялық клиникалардан да алуға болады. Өзекті тізбені Қордың fms.kz ресми сайтындағы «Медициналық қызметтерді сатып алу – КДҚ жеткізушілер» бөлімінен таба аласыздар https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/. Сонымен қатар 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады. 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Атырау облысы бойынша МӘМС шеңберінде стоматологиялық көмек көрсететін 34 медициналық ұйыммен шарттар жасалды. Оның ішінде 20 – ы – жекеменшік, 14 -і – мемлекеттік меншік нысаны, яғни емханалар мен ауруханалар.

– Егер рентгенография өту қажет болса, тістерді емдеуден бұрын дәрілік аллергияны немесе анестезияны болдырмау үшін аллергиялық сынама жасау керек болса, ол үшін МӘМС-тен төлене ме? 

Иә, егер бұл үшін медициналық көрсеткіш болса төленеді. Тіс дәрігерінен консультативтік парақ болған жағдайда тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігер қосымша тексерулерге жолдама бере алады. МӘМС шеңберінде аппликациялық, өткізгіштік, инфильтрациялық анестезия төленеді. Тісжегінің көптеген асқынулары бар 4 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің функционалды және органикалық зақымданулары, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (белгіленген мүгедектік) және басқа органдар мен жүйелердің зақымдануы, асқынулар мен ауырсыну қаупі бар медициналық көрсеткіштер бойынша санация жалпы ауырсынуды басу және седациямен «анестезиология және реаниматология» кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымшасы және реанимациялық іс-шараларға арналған жағдайлар қарастырылған стоматологиялық ұйымдарда жасалатынын білу маңызды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз