МӘМС: пациент нені білуі керек?
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын медициналық көмек көрсету және МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі туралы жүздеген сұрақтар келіп түседі» — дейді қордың Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов. Оқырмандардың назарына тұрғындардың арасында жиі қойылатын сұрақтарды таңдап, жауаптарын ұсынуды жөн көрдік.
– Медициналық сақтандыру бойынша қандай клиникалар жұмыс істейтінін қайдан көре аламын? Мен өзім емделетін клиниканы таңдай аламын ба?
–ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімімен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында танысуға болады. Әркімнің дәрігер мен емхананы еркін таңдауға құқығы бар. Тіркеу науқаны кезінде медициналық мекемені жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе өзі жататын емхана қайта ұйымдастырылса ауыстыруға болады.
–Сақтандыру мәртебесін қандай жолдармен тексеруге болады?
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
•Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Halyk мобильді қосымшасы
• BCC.KZ мобильді қосымшасы
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы
• egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.
–Егер науқастың сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?
–Қолжетімді жолдарды қолдана отырып, қарыздардың бар-жоқтығын және мерзімдерін тексеру керексіз. Егер қарыз болсаңыз, оны төлеу немесе жою қажет, бірақ қарастыратын уақыт алдыңғы 12 айдан аспауы керек (мысалы осы жылдың қаңтар айынан келесі жылдың қаңтар айна дейін).
Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер адам жеке кәсіпкер болса немесе БЖТ төлеушісі болса, өзі төлесе, онда қарызды дербес төлеуші ретінде төлеуге болады
Егер қарыз жеке кәсіпкерден (ЖК), шаруа қожалығының (ШҚ) иелерінен, жеке практикамен айналысатын адамдардан, қызметкерден немесе азаматтық -құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын адамнан анықталса, онда сіз төлемдердің мәртебесін тексеруіңіз керек. Жіберілген төлемдердің мәртебесі, ол қайтарылған болуы мүмкін, содан кейін сіз қарыз бен пайыздарды төлеуіңіз қажет.
Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, сіз бұл кезеңдердегі ақшаны қайтара аласыз. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтініш жазу, қатенің себебін көрсету және өтінімге төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
– Мен жүктімін, тіс ауруы алаңдатады. МӘМС бойынша емделуден өтуге бола ма, егер солай болса, оны қалай жасауға болады?
– Иә. Стоматологиялық көмек алу үшін МӘМС бойынша қызмет көрсететін стоматологиялық клиникаға жүгіну қажет. Сіз олардың тізімін ӘМСҚ сайтынан таба аласыз. Бұл ретте емханадан жолдаманың болуы міндетті емес. Жүкті әйелдерден басқа шұғыл көмек – тіс жұлу және химиялық пломба орнату – 18 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жасына байланысты зейнеткерлерге көрсетіледі.
Жоспарлы көмек жүкті әйелдерден басқа балаларға да қолжетімді. Ол мыналарды қамтиды: жансыздандыру, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті емдеу, периодонтитті емдеу, толық функционалдық қалпына келтіру анатомиялық нысанын тіс кезінде гипоплазиясы, флюорозе.
–Балаларға арналған тегін дәрі-дәрмектердің тізімін қайдан табуға болады?
–Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығымен бекітілген ТМККК және МӘМС бойынша тегін қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі. Оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен табуға болады.
–Мен сақтандырусыз жүктілік есебіне тұра аламын ба?
–МӘМС бойынша тегін тапсыруға болатын талдаулардың толық тізімін қайдан көруге болады? Неліктен кейбір талдаулар МӘМС негізіндегі тегін санатқа кірмейді?
МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтер пациенттің өз қаражаты есебінен, яғни ақылы негізде жүзеге асырылады.
–Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?
Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау
Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі
1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар
2. 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер
3. Тәуекел топтары
Дерттер:
- Мінез-құлықтық тәуекел факторлары
- Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті
- Глаукома
- Жатыр мойны обыры
- Сүт безі обырын қатерлі ісігі
- Колоректалды обыр
- В және С вирустық гепатиттері
Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек. Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті.
–Егер МӘМС есебінен медициналық қызметтерді алмасам, пайдаланбаған ақшаны қайтарып ала аламын ба?
–МӘМС-ке енгізген төлемдерді қайтаруға немесе оларды басқа адамға беруге болмайды, себебі жүйе қаражатты дербес бөлуді қарастырмайды. Барлық жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі шотта жинақталады және ол жерден барлық сақтандырылған тұтынушылардың медициналық қызметтерін төлеуге бағытталады.
–Мен жұмыс істемейтін болсам мәртебені қалай аламын?
Сізде екі таңдау бар. Біріншісі – дербес төлеуші ретінде жарна төлеуіңізге болады. Екіншісі – жұмыспен қамту орталығына хабарласып, жұмыссыз ретінде тіркеле аласыз. Бұл жағдайда сіз жеңілдік санатына кіресіз және сіз үшін жарналарды мемлекет төлейді.
–Мен студентпін, МӘМС-ке төлем жасауым қажет пе?
–Күндізгі оқу бөлімінің студенттері МӘМС-ке жарна төлемейді, себебі жеңілдік санатына кіреді. Сондай-ақ жұмыс берушілер күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін МӘМС-ке аударымдар жасаудан босатылған.
–Мұғалімнің шаруа қожалығы болса, МӘМС-ке төлемді қалай жүргізеді?
Салық заңнамасына сәйкес шаруа қожалығы қандай да бір басқа нысанда рәсімделмеген болса, ол ЖК ретінде қарастырылады. Егер ЖК қызметін тоқтатпаған болса, ол өзі үшін 1,4 ЕТЖ-ның 5 % төлейді. Осы ретте негізгі жұмысында да жарналар төлеп, мұғалім қызметкері үшін аударымдар жасауы керек. Яғни барлық кіріс көздерінен төлем жүргізіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы