Жарнама
Медицина

«МАҚСАТЫМ — ЕЛДЕН АЛТЫН ЕМЕС, АЛҒЫС АЛУ», —

 

 Осы аталмыш компанияның директоры Роза БЕКЕНОВАМЕН жүздесіп, аймақ халқының денсаулығы жолында атқарып жатқан оң істері жайында ой бөліскен едік.

 — Әңгімемізді компанияның құрылымы, мақсат-мүддесінен бастасақ?..

 — Біздің медициналық туризм компаниясы 2010 жылы құрылып, заңды лицензия бойынша жұмыс істеп келеді. Алға қойған мақсаты — облыс халқының денінің салауатты болуы үшін шетелдерде медициналық тексерулерден өтіп, клиникаларда сапалы ем алуына көмектесу. Сонымен бірге, тарихи жерлерге саяхаттар жасау, жағажай, шипажайлар мен демалыс орындарында көңілді демалуларына жағдай жасау.

 Компания осы төрт жыл ішінде сан жүздеген атыраулықтардың шетелдердегі ең озық медициналық клиникаларға барып, сырқаттарына қарай қажетті емдерін алып, сауығып шығуларына қол ұшын беріп келеді.

 — Атырауда медициналық туризм компаниясын ашуға не себеп болды?

 — Менің мамандығым — дәрігер. 1988 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтынына оқуға түсіп, оның емдеу ісі бөлімін бітірдім. Жедел жәрдемде және облыстық онкологиялық ауруханада біраз жыл дәрігер болып істеп, кейіннен жеке кәсіпкерлікке ауыстым.

 Бүкпелейтіні жоқ, бұрын дәрігерлік қызметте кейбір науқастарды ауруынан айықтырғанымен, енді бірін емдеп жазу мүмкін емес-ті. Оған себепте жоқ емес еді. Емдеу орнында қатерлі ісік ауруларын дәл анықтап бере алатын диагностикалық аппараттар жетімсіз болды. Осы жағдайда біздегі кейбір науқастарды елімізде, сондай-ақ ТМД елдеріндегі емдеу орындарына барып емделуге мәжбүр етті. Ал, кейбір науқастар шетелге барып емделгісі келгенімен, оған қалай бару жолдарын біле бермейді. Бұл жай мені ойға қалдырды. Қайткенде оларға дәрігерлік парызым ретінде қол ұшымды бере аламын? Осындай оймен шетелдердегі ең озық медициналық клиникалармен байланыс жасау мақсатында «ПЛАНЕТА.KZ»медициналық туристік компаниясын құрып, интернет желісі бойынша компанияның арнайы www.atyrauplaneta.kz cайтын аштым. Шүкір,төрт жылдағы осы бағыттағы ісіміз нәтижелі болып, шетелдік клиникалармен байланысымыз артып, атыраулықтар мен басқа да облыстардағы емделушілерді сол емдеу орындарына жіберіп, сырқатынан айығып шығуларына қолдан келген көмегімізді көрсетудеміз. Оның үстіне, біздің компаниямыз — Қазақстандағы өзге компанияларға қарағанда, медицинадағы туризмді алғашқы дамытушылардың бірі.

 — Роза Әбілмәжінқызы, сонда мұнайлы астананың тұрғындары қайсы елдерге барып, емделгенді жөн көреді?

 — Негізінен Қытай, Ресей, Израиль, Германияға барып емделіп келетін. Енді олардың қатарына Түркия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Испания елдері қосылды. Бұл жерде санаториялық-курорттық емделу туралы әңгіме болып отырған жоқ. Әңгіме төркіні — аурудың белгісі немесе ауруға шағымдану бойынша ем жолдарын іздестіріп, емделушінің сауығуына ықпал жасау. Бізде кейбір емделушілер өз деңгейінде дұрыс ем ала алмағандықтан шетелдік дәрігерлерге барып қаралғанды жөн көреді. Өйткені, шетелдегі медицина бізге қарағанда ең озық диагностикалық құрылғылармен жабдықталса, ал, дәрігерлері қандайма сырқаттың диагнозын дөп басып, айтып бере алады.

 Қытайға негізінен шығыс медицинасын қолданғысы келетіндер барады. Ал, Германия мемлекетіне барып емделгісі келетіндер алдымен белгілі сома ақшаны таңдаған емхананың есепшотына аударады. Содан кейін неміс клиникасының дәрігерлері сізбен байланысқа шығып, шақыру қағазын жібереді. Оңтүстік Корея емделушілердің дәстүрлі және шығыс медицинасымен емделгенді қалайды. Түркия мен Израиль мемлекеттері де атыраулықтардың сұраныстарына ие, бірақ Оңтүстік Кореяға қарағанда кейіндеу тұрады. Ресей клиникаларында диагностикадан өтушілер туристік компанияларға көп жүгіне бермейді. Өйткені, онда тілдік кедергі жоқ. Содан да Ресей дәрігерлеріне жазылу көп қиындық тудырмайды. Бастысы, бұл елге емделуге баратындардың құжаттары рәсімдеуді талап етпейді. Емделу құны таңдаған клиника мен науқастың ауру жағдайына қарай негізделген. Салыстырмалы түрде айтсақ, Оңтүстік Корея басқа мемлекеттерге қарағанда алдыңғы қатарда тұр. Онда диагностикалық сараптамадан өту үшін кісі басына 4500 доллар қаражат қажет (авиабилет, виза, қонақ үй, диагностика, медициналық сақтандыру). Ондай сапар Германиядағы емдеу орталығына бару үшін бірнеше есе қымбатқа түседі.

 Шетел дәрігерлеріне қаралу үшін туристік компанияның операторларына рәсімдеу құжаттарымен бірге, емделушінің ауру тарихын да ұсыну қажет. Бұл нақты клиниканы таңдауда басты құжат болып есептеледі.

 — Сонда Оңтүстік Кореяның медицинасы біздің отандастарымызды несімен қызықтырады?

 — Көптеген шетелдерде болып жүрмін. Соның ішінде Оңтүстік Кореяға жиі барып тұрамын. Бұл ел өзінің туристік көрікті орындарымен белгілі. Жазғы және қысқы демалыс орындарымен, сонымен бірге медициналық сервистік биік деңгейімен, яғни медицинасы жоғары дамуымен әлемге әйгілі. Содан да кәріс дәрігерлері жоғары деңгейдегі элита деп бекер айтылмаған. Мұнда «Ван стон» қызметі-медициналық картаның көмегімен дәрігердің қабылдауынан бастап, емдеу сапасына баса көңіл бөледі. Емделуші медициналық байқаудан өтіп немесе сараптама тапсырғанда, барлық ақпарат автоматты түрде компьютерлік дерекқорына енгізіледі. Бұл ақпарат Кореяның барлық ауруханасының мәліметінен көрінеді. Осы енгізілген ақпарат емделушінің басқа ауруханаға жүгінгенде кері дәрігерлік сараптамадан өту мүмкіндігін шектейді.

 Ерекше бір айтар жайт, мұнда монитордың 20 еселік үлкейтілген көмегімен дәрігерлер хирургиялық оталарды жасай алады. Осы әдіс қатерлі ісік ауруларын хирургиялық жолмен емдеуде өте тиімді, ал, басты қалқанша бездерді ота жасауда көзге көрінбейтін кескінмен жасайды. Бұл елде пластикалық ота жасауда жоғары деңгейде дамыған. Яғни, пластикалық ота жасауда корей дәрігерлерінің іс-тәжірибесі жоғары, ешқандай отаның ізі, тыртықтары қалмайды. Бұл елдің медицинасының ерекшелігі — роботтық тәсілмен жасалған оталар сапалығы. Онда адам денесінде кесінділер көп болмайды. Оның үстіне ота жасалған науқастың денсаулығының қалпына келу мерзімі де мейлінше қысқа болады. Осы ретте Кибер-Нож жүйесі негізінде онкологиялық, яғни қатерлі ісікті дәл тауып, анықтап, одан кейін сол жерді қажетінше сәуле арқылы емдеп жазуға мүмкіндік бар.

 — Сөзіңізді бөлейін, былтыр сіздің компанияның шақыруымен Оңтүстік Кореяның бір топ дәрігері Атырау қаласындағы емдеу орындарында болып, жергілікті дәрігерлерге кеңес беріп, әрі емделушілерді қабылдап, сырқаттарына қарай ем-домдарын көрсетті, соның нәтижесі қандай болды?

 — Сун Чон Хян клиникасының онколог-дәрігерлері бұдан бұрын, яғни 2012 жылы «Қайрымдылық» акциясына орай келіп, қатерлі ісік аурулары бар деген ондаған атыраулық науқасқа кеңес берді. Ал, былтырғы күзде Часэн атты клиникасының есімі дүниежүзіне белгілі профессор-ғалым Шин бастаған бір топ дәрігері сол келісінде омыртқа, тізе буын ауруларына шалдыққан бірнеше адамға ине салып, массаж жасау арқылы аяқтарынан тұрғызып жібергенін көзіміз көрді. Ал, жуырда, қыркүйек айының ортасында Атырау қаласына Оңтүстік Кореядағы Сун Чен Хян атты клиниканың дәрігерлері келіп, жергілікті тұрғындарға ақысыз кеңестер береді.

 — Енді шетел асып емделемін деушілерге көрсетілетін қызмет ақысы жөнінде айтсаңыз?

 — Бізде шетелдік медициналық клиникаға барып емделгісі келетін отандастарымыздың сапарын ұйымдастыруы компаниямыздың менеджерлерінің көрсететін қызметі ақысыз негізде жүргізіледі, яғни емделуші шетелге барып орналасқаннан кейін өзіне көрсетілетін клиниканың медициналық-емдік қызметтерінің құнын сол емдеу мекемесіне барып, ем қабылдағаннан кейін төлейді. Ал, бізге сол жаққа баратын емделушілерді тауып бергеніміз үшін емдеу клиникалары белгілі мөлшерде сыйақы төлейді. Осы ретте компаниямыздың менеджерлері Альбина Шунгульбаева, Жанар Рахымғалиева, Фариза Асылбекова емделушілермен интернет желісімен немесе телефон арқылы хабарласып, оларды толғандырған мәселелердің жедел түрде шешілуіне көмектеседі.

 — Роза Әбілмәжінқызы, сіздің компания қызметіне, сондай-ақ жеке өзіңізге көптеген емделушілердің алғыстары аз айтылып жүрген жоқ. Редакциямызға түскен осындай лебізге толы бірер хатты оқып берсек артық болмас.

Қаладағы емдеу орындарында дәрігер болып жасайтын Нұргүл Шайденқызы былай деп жазады:

 — Соңғы жылдары денсаулығым сыр беріп, дәрігерлерге қаралып, ауруханаға жатқан кездерім аз болмады. Өз елімізден асып, Ресейдің емдеу орындарына да барып қаралдым. Ауруым қант диабеті мен ұйқы безінің ауыр түрі болғандықтан нәтижелі ем болмады. Содан шетелдердегі ең озық клиникаларымен байланыс жасап, небір науқас адамдардың сол жаққа барып емделуіне жағдай жасап отырған Роза Әбілмәжінқызымен байланыс жасадым. Оның кеңесімен Оңтүстік Кореядағы клиникаға барып, емделдім. Көптен мазалап жүрген сырқатыма кәріс дәрігерлері ота жасап, өміріме араша болды. Қазір саулығым жақсы, өз саламда еңбек етіп жүрмін. Қиналғанда жаныма жалау болып, сырқатымнан айығуыма ақыл-кеңесін берген Розаға, оның менеджер қыздарына айтар алғысым шексіз.

Ал, мына хатты Мақат кентінің тұрғыны Жазира жазыпты:

 — Сәбиім Фатима туғаннан жүрек сырқатына шалдыққан. Қаратпаған дәрігерім қалмады. Содан «ПЛАНЕТА.KZ» медициналық туризм компаниясының жетекшісі Бекенова Розадан Оңтүстік Кореяның Самсунг атты клиникасы жылда 1 рет ақысыз қайырымдылық акциясы бойынша Азия елдерінің бір баласына ота жасайды деп естіп, бағымызды сынағанымыз бар. Бүкіл Азия елінен менің сәбиім Фатиманы таңдады. Қызымның жүрегіне ота жасап, сырқатынан айығып шығуына мүмкіндік барын айтқанда қуанышымда шек болмады.

Айналасы бірер айдың ішінде қызымның жүрегіне ота жасатып, қуанышпен елге оралдым. Қазір үш жастағы Фатимамның дені сау, отбасымыздың қуанышы болуда. Қызымның екінші анасындай болған Розаға дені сау, отбасы аман болып, өміріне барлық жақсылық атаулыны тілеймін.

 — Сіздің емделушілердің осындай ризашылық лебіздерін компанияның сайтынан да оқып, біліп отырмыз.

 — Рахмет. Сырқат жандардың мұң шалған көңіліне үміт ұялату жолында азды-көпті еңбегіміз бағаланып жатса, бізге одан артық мадақтың керегі бола қоймас. Сайып келгенде, біз сіздің шетелдің қай клиникасына барып емделгіңіз келсе, көмектесуге дайынбыз. Яғни, іссапарыңыз бен жоспарлаған демалысыңызды немесе диагностикалық кешенді тексеруден өтуге не емделуге барлық мүмкіндікті жасаймыз. Мақсатымыз — қашанда халықтан алтын емес, алғыс алу.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button