
Медицина
Коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Өткен бір тәулікте 219 адамнан – коронавирус, 18 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан (–1 348+ және 208 КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.