Жарнама
Медицина

КОРОНАВИРУС ЖҰҚПАСЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!

 

Аталмыш мәселеге орай облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Рашида Мұқанова, №3 қалалық емхананың дәрігер-инфекционисі Айжан Әбілхайырованың баяндамалары тыңдалды. Мамандардың айтуларынша, коронавирустың жұқпасы әлемдегі эпидемиологиялық қауіпті аурудың бірі болып отыр. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  мәліметтеріне сәйкес 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін әлемде осы ауруға 1382 адам шалдығып, оның 533-і  қайтыс болған. Биылғы жылдың 6-шы шілдесінде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқпасын жұқтырғандар саны 186 адамға жетсе, оның  17,7 пайызы  өліммен аяқталған. Ал, қазіргі күні медициналық бақылауда  бірнеше мыңдаған адам есепте тұр. Бұл ауру көп жағдайда адамға жануарлардан жұғады.

Коронавирус жай респираторлық аурудан басталып, қызудың көтерілуі мен жөтелге ұласып, өкпе қабынуының ауыр түріне әкеледі. Аурудың қоздырғышының қауіптілігі Эбола қоздырғышынан кем емес.  Әзірге бұл ауруға қарсы тиімді дәрі-дәрмектер мен вакциналар жоқ.

Сондықтан емдеу және алдын алу мекемелерінде коронавирустың  таралуының алдын алу шаралары  ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Семинар соңында облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев аймақта коронавирус жұқпасының әкелінуінің  алдын алу мақсатында шетелдерге азаматтардың жол сапарларын ұйымдастыратын туристік фирмалар  мен мешіттерде, соның ішінде қажылыққа баратындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілу қажеттігін ескертті.

Сонымен бірге, аса қауіпті жұқпалы ауруға шалдыққан науқас анықталған жағдайда індетке қарсы ережелерді сақтау, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша нұсқаулар берілді. 

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button