Жарнама
Медицина

Гиппократ антына адалдық

  Өз басым елу жылдан астам уақыт бойы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, адам жанының арашашысы болғанымды ерекше мақтан етемін. 1957 жылы дәрігерлік училищенің фельдшерлік бөлімін бітіріп, еңбек жолымды шағын ауылдағы емханадан бастаған едім. Кейін Индер ауданындағы Гогольск учаскесінде 18 жыл бойы амбулатория меңгерушісі болдым. Адал еңбегіммен елдің құрметіне бөленіп, абырой арқаладым. Тіпті, 1966 жылы фельдшер-акушерлердің республикалық сайысында бірінші орынға ие болғаным да бар.

    Мұның бәрін текке айтып отырғаным жоқ. Шүкір, біз ой-санамыздан бір сәтке де шығармаған Гиппократ антына адалдық қазір де жарасымды жалғасып жатыр. «Қай жерің ауырса, жаның сонда» деген қанатты сөз бар. Ауырғанда емнен де күшті дәру — дәрігердің ілтипаты, кішіпейілдігі, мейірбандығы. Өзіміз кезінде солай болуға тырыстық. Сол игі үрдіс қазір де үзілмеген екен. Бір ғана мысал айтайын: Бір күні еш ауырмастан сол жақ көзім мүлдем көрмей қалды. Ойда жоқта немерем келіп, оң көзімді қолмен жапқанда ғана сездім. Қамшының сабындай өмірде мынау жарық дүниенің бар қызығын көзбен көріп қана рахаттанатынымыз рас. Демек, көздің көруі – әр адамның аса құнды байлығы, табиғаттың берген өлшеусіз сыйы. Өзімнің жағдайымды айтып, ем іздеп барғанда, мені ақ жарқын пейілмен қарсы алған дәрігер Толағай Шонаевқа алғысым шексіз. Өте қарапайым, сабырлы, салмақты жан екен. Он екі мүшенің ең нәзігі саналатын көзіме ота жасап, емдеді. Ең алдымен, Алланың, одан кейін Толағайдың қолының шипасымен жарық сәулені көрдім. Өз мамандығына деген соншалықты сүйіспеншілігі, дәрігерлік антына адалдығы, науқасқа деген жанашырлық шын ниеті көзге ұрып тұрды.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button