Жарнама
Медицина

Еліміздің жетекші дерматологтары атыраулық балаларға көмек көрсетпек

Дерматовенерологтар мен дерматокосметологтар Атырау қаласында ашық есік күнін өткізеді.

7-10 шілде аралығында ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) жетекші дерматовенерологтары мен дерматокосметологтары Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері және Атырау қаласының эстетика және медицина орталығының мамандарымен бірлесіп, Қазақстанда балалар жылы аясында Атырау өңірінің жас пациенттерін амбулаториялық қабылдау өткізетін болады. 7 шілде күні Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған Ашық есік күні өтеді. 8 шілдеде медициналық мамандар Махамбет ауданына проблемалы терісі бар (безеу) жасөспірімдер мен жастарға арналған «Таза тері» мектебін өткізу үшін бармақ.

Ал 9-10 шілде күндері Атырау қаласының эстетика және медицина орталығында Ашық есік күні өтеді. Сондай-ақ, ҚДИАҒО дәрігерлері Атырау облысының әріптестеріне өңірдегі балалар мен жасөспірімдерде жиі кездесетін тері ауруларын диагностикалау мен емдеуде практикалық көмек көрсетеді. Бұл витилиго, атопиялық дерматит, псориаз, экзема және басқалар. Алматыдан келген дәрігерлер соңғы жылдары жасөспірімдер мен жастар үшін күрделі проблемаға айналған безеу ауруын емдеу тәжірибесімен бөліседі. Жас пациенттер мен олардың ата-аналары теріге дұрыс күтім жасау, сәндік косметиканы қолдану, безеуді емдеу туралы кеңестерді біріншілер болып еститін болады. Алматы дәрігерлік десантының бағдарламасында — дерматовенерология және дерматокосметология инновациялары, емдеудің ішкі термиялық технологиялары, подологиялық жаңалықтар бойынша мастер-кластар бар. Сондай-ақ, жекелеген ауыр жағдайларды қарастыру және оларды емдеудің мүмкін тактикасын талқылау жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button