Медицина
ЕЛІМІЗДІҢ 16 ӨҢІРІ «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚТА
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Atr.kz.
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта, «сары» аймақта тек Түркістан облысы.
— Соңғы екі аптада өткен екі аптамен салыстырғанда республика бойынша барлық өңірлерде аурушаңдықтың өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі 1,9 есе құрады (41 296 жағдайдан 80 286 жағдайға дейін). Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік ауру 5,2 есе өсті, – деді министр.