
Медицина
Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі азайды
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде бір тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл алдыңғы тәуліктердегі нәтижеден аз. 8 наурыз күні 79 адамның ковид жұқтырғаны белгілі болған еді.
9 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 552 + және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 135 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.