Елбасы айтқан қанатты сөз емдеу мекемесі қызметкерлерінің ұранына айналды
Сайын Сиғуатұлы Шомыров – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі. Алғашқы дәрігерлік жолын Атырау қаласының №2 ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Бұдан әрі №2 қалалық емхананың травматология бекетінің меңгерушісі, облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, 2005 жылы А.Сүндетов атындағы Атырау медицина колледжінің директоры, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі, облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарды. Ал, өткен жылдан бастап облыстық аурухананың бас дәрігері қызметінде абыройлы еңбек етіп келеді. Жоғары санатты хирург бүгінде Атырау қалалық мәслихаттың депутаты ретінде де қоғамдық өмірге белсене араласуда.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында онымен жүздесіп, аурухананың бүгінгі жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары, денсаулық сақтау саласына сүбелі үлесін қосып жүрген абзал жандардың еңбегі төңірегінде ой бөліскен едік.
— Бүгінгі таңда Атырау қаласындағы облыстық көп салалы аурухана еліміздегі емдеу орындарының алдыңғы легінде аталып жүр. Мұнда барлық емдеу жүйесі заман талабына сай бейімделген. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, аталмыш емдеу орталығының ашылып, халық денсаулығына қызмет еткеніне алдағы жылы елу жыл толады екен…
— Иә, «Өткенді білмей, бүгін жоқ» дегендей, емдеу орны 1967 жылы салынып, пайдалануға берілді. Осы кезде аурухананың 240 кереуеттік орны, бір ауысымда 120 науқас қабылдайтын емханасы және шаруашылық бөлімі жұмыс істеді.
Ал, 2002 жылы «Бонус қоры» бөлген 5,6 млн. АҚШ долларына аурухананың 4500 шаршы метрлік екінші жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұл көп салалы жаңа емдеу орны 450 кереуетті, сондай-ақ, бір ауысымда 240 адам қабылдайтын емхана қазіргі заманғы ең озық диагностикалық аппараттармен жабдықталды. Бір айтар жәйт, сыртқы көркіне ішкі жабдықталуы сай жаңа аурухананың ашылу рәсіміне Елбасы қатысты. Ол емдеу орнының озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтарымен жарақтандыруына, емделушілерге жасалған жайлы да жақсы жағдайларға, қызмет көрсету түрлеріне риза болып: «Ауруларыңыз аз болсын, шыққандары мәз болсын» деп айтқан ақ тілеу сөзі аурухананың дәлізінде көрнекі етіп жазулы тұр.
Сұхбаттасқан: Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.