Жарнама
Медицина

«Екпе алу арқылы қызылшадан қорғана аламыз»

Соңғы айда  өңірімізде қызылша ауруының таралуы жиілеп кетті. Қызылша – кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38—40°C дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.

Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% — ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.

Емханамызға қатысты мәліметті келтіре кетсем, бүгінгі күнге дейін қызылшамен ауырған 252 жағдай тіркелді, оның зертханалық жолмен расталғаны- 93. Емнен жазылғандар саны — 174, тәулік бойына тіркелгендер — 8. Қазіргі бақылауда – 70 адам тұр, оның 56-сы үй жағдайында, 14 науқас стационарда ем алып жатыр. Салыстырмалы түрде алсақ, көпшілігі балалар. Оның ішінде, басым көпшілігі – екпе алмағандар.

Қызылша жұқпасының  алдын алуда ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан екпе арқылы вирусты жасанды жолмен тоқтатуға ғана болады, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды.

Әсел Курпебаева,

Геолог емханасының эпидемиологы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button