Жарнама
Медицина

ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛ

Онда мамандар еліміздегі наркологиялық жағдайдың бүгінгі жайын талқылады. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділікті емдеудің баламалық жолдары қарастырылды.
Еліміздің бас наркологы Алтынай Төкенқызының айтуынша, қазіргі таңда әлемде нашақорлыққа тәуелді 14,9 миллион адам бар көрінеді. Олардың 10 миллионнан астамы дамушы елдерде тұрады. Егер Қазақстандағы бүгінгі жағдайға келер болсақ, соңғы бес жылда есірткіге тәуелділер біршама азайған. Бірақ, бұл көңіл көншітер жағдай емес. Бүгінгі таңда отандық наркологтар үшін ең бастысы – нашақорлықтың алдын алып, емдеу болып отыр.
Бұдан әрі бас нарколог есірткіге тәуелділерді емдеудің тиімді әдісі – метадон терапиясын қолданудың пайдасы зор екеніне тоқталды. Нашақордың тұзағына түсушілердің 70 пайызы осы ем жүйесі арқылы сауығып шығады. Мемлекет бұл тұрғыда көп қаржы бөліп отыр. Осы мақсатта жұмыс жасап жатқан Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы оң шараларды атай келіп, атыраулық нарколог — дәрігерлердің де осы жаңа емдеу тәсілімен жұмыс жасауға мүмкіндіктері барына нақты дәлелдер келтірді. Бұдан соң жергілікті нарколог-дәрігерлердің аталмыш мәселеге қатысты сауалдарына жауап берілді.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button