Медицина
Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда қызылшаға қарсы қолданылатын вакцина туралы айтып берді
Қазақстанға жеткізілетін қызылшаға қарсы үнді вакцинасы әлемнің 70 елінде белгілі және қолданылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
«Бұл вакцина елімізде 10 жылдан бері қолданып келеді. Осы жылдар ішінде жанама әсерлер немесе асқынулар болған жоқ. Вакцина ДДҰ сертификатына ие және балаларға қолдануға ұсынылған. Біз жыл сайын қолданылатын барлық вакциналарды өзгертпеуге тырысамыз. Еліміздің он жылдық тәжірибесін ескере отырып, біз үнді вакцинасын қолдануды жалғастырамыз», — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.