Медицина
Дәрігерлердің көтерме ақысы көбейді
Қалада жұмыс істеймін деген дəрігерге 3 миллион теңге, ауылдық жерлерге сертификатталған маманға 5 миллион теңге беріледі.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов журналистермен кездесу барысында айтты.
«Аудандарда дəрігерлер жетіспейді. Мойындау керек, егер олар тұрғылықты жерін немесе жұмыс орнын өзгертуге шешім қабылдаса, біз дəрігерлерді күштеп ұстай алмаймыз. Бірақ, біз əзірленген кешенді жоспар аясында мəселені шешуге кірісіп жатырмыз. Біріншіден, дəрігерлерге берілетін көтерме ақша көлемін көбейттік. Ендігі жерде қалада жұмыс істеймін деген дəрігерге 3 миллион теңге, ауылдық жерлерге сертификатталған маманға 5 миллион теңге беріледі. Сондай-ақ, олар үшін «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй сатып алудың жеңілдетілген», — деді аймақ басшысы.