Дәрігер тапшылығын қалай жоямыз?

  Медицина саласында мамандар тапшы. Соның салдарынан емдеу орындарының жұмысы ақсап, кейбір жаңа жабдықтар мен құрылғылар пайдаланылмай отыр.

 Бұл мәселені емдеу-сауықтыру орталығының басшылары мен өкілдері облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында талқыға салды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Әлібек Нәутиев пен Айгүл Әжіғалиева қатысып отырды. Мәселен, облыстық аурухананың жан сақтау бөлімі 50 пайызға ғана реаниматолог маманмен қамтылған. Мұнда 18 дәрігердің орнына 9 маман қызмет етіп отыр. Бұл туралы аталмыш емдеу мекемесінің бас дәрігері Сайын Шомыров баяндады. Облыстық аурухананың бас дәрігері өлім көрсеткішінің бір пайызға төмендегенін де айтты. Белгілі болғанындай, инсульт дертін емдеу, оны болдырмау мақсатында облыстық бюджеттен 340 миллион теңге қаражат бөлініпті. Жуырда ми, қан тамырлары ауруларының алдын алатын ангиграфиялық қондырғы алынады. Бұл медициналық аппарат қатерлі дертке душар болғандарды емдеуге жәрдемін тигізеді. – Оңалту жұмыстарына да көп көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына 220 миллион теңгеге реабилитациялық аппарат алуға ұсыныс жасалды. Мәселе шешілсе, мүгедектердің санын азайтуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітіргелі отырған алты түлекті жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарт жасалды, – дейді Сайын Сиғуатұлы.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз