Жарнама
Медицина

«Дәрігер – балалардың жанашыры»

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ел бойынша өткізіліп жатқан кең ауқымды акция осылай деп аталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының қамқорлығындағы 30-ға жуық бала да бұл күннен тыс қалмады. Олар үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, дәрігерлер мен мамандар тарапынан мейірім мен қолдау көрсетілді.

— Балалар үшін спорттық ойындар, аниматорлар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, логопедтық сабақтар, құм және арт терапиясы жүргізілуде. Мақсатымыз – бүлдіршіндерге психологиялық қолдау көрсету және мерекелік көңіл-күй сыйлау, — деді облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Акат Гимиранова.

Сонымен қатар өңірдегі аудандық және қалалық емханалардың барлығында ашық есік күндері өтті. Ата-аналар мен балаларға профилактикалық тексерулер, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік пен алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акция 30 мамырға дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button